Management Service Brokerage

aboutManagement Service Brokerage компаниясы өзінің қызметін 2008 жылдың тамыз айында бастап, бүгінгі таңда коммерциялық жылжымалы мүлік нарығында үлкен кәсіби жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Мекеме РК ИСО 9001:2009 (MS ISO 9001:2008) Стандарттарына сай сертификациялаудан сәтті өте тұра, компания жетекшілігі сапалы менеджменттің жүйесін жақсарту бағытындағы барлық үдерістерде үнемі әрекет етіп отырады. Қазіргі уақытта компания мектеп тамақтандыру жобаларының бірінде НАССР жүйесін енгізуді қолға алып отыр.

2014 жылдың аяғына қарай біздің компания Алматы, Астана және Кокшетау қалаларындағы инфрақұрылымдық және техникалық менеджмент саласындағы коммерциялық және жылжымалы тұрғын үй нысандарына кешенді түрде қызмет көрсетуде.

Инженерлік жүйе мен коммуникацияның техникалық менеджменті:

  • Автоматтық бақылау жүйелері
  • Жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету жүйелері
  • Жылыту, вентиляциялау, кондициялау
  • Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі
  • Лифт жабдығы
  • Өрт сөндіру және өрт дабылдама жүйелері
  • Кіруді бақылау және қауіпсіздігі жүйелері

Инфрақұрылымдық менеджмент:

  • Iшкі және сыртқы клининг
  • Қасбеттерді, шатырларды және терезелерді тазалап жуу қызметі
  • Жақын жатқан территорияны тазалау, қоқыс шығару, қардан тазалау, флористика.
  • Санитарық өңдеу(залалсыздандыру, дәрілеу және дератизация)
  • Жөндеу және құрылыс жұмыстары
  • Тамақтандырудың әр алуан түрін ұйымдастыру (Кейтеринг)

Алматы қаласында орналасқан біздің компания қызмет көрсететін PARK VIEW Office Tower Бизнес Орталығы «А» санатындағы 2014 жылдың сәуір айында болып өткен Коммерциялық жылжымайтын мүлік Апталығы атты іс-шарасында «Best A Class Business Center in Kazakhstan» марапатына ие болып,2014 жылдың ең үздік Бизнес-Орталығы болып танылды.