MSB

 «Management Service Brokerage» ЖШС

Біздің стратегиялық мақсатымыз:

Жақын болашақта жылжымайтын мүлік объектілеріне кешендік қызмет көрсетуде көшбасшы атану.

Біздің саясатымыз:

Клиенттердің күтулерінен асатын жоғары сапалы қызметтерді көрсету арқылы олардың сұратуларын іске асыру

Біздің көзқарасымыз:

Біздің клиенттерге тазалық пен сенімділіктің жайлы және үздіксіз атмосферасын жасау.

Біздің негізгі мақсаттарымыз:

1.​ Жаңа клиенттерді тарту және олардан айырылмау

2.​ Халықаралық FM операторларымен өзара әрекеттесуді кеңейту

3.​ Қызметтің жаңа түрлері және бизнестің жаңа бағыттарын дамыту

4.​ FM қызметтер нарығында бір қадамға алдыда болу

«Management Service Brokerage» басқарушы компания нарықтағы өз қызметін 2008 жылдың тамыз айында бастап, сол кезден үлкен кәсіби жетістіктерге жетті.

2009 жылдың қазан айынан бастап қазіргі күнге дейін «Management Service Brokerage» компаниясы клинингтік компаниялардың Орталық-Азия қаумдастығының толық мүшесі болып табылады.

Қазіргі күнде «Management Service Brokerage» ЖШС келесі қызмет көрсету аясында мамандырылған:

​ Үй-жайларды ұстау мен тазарту

​ Іргелес аумақтарды тазарту

​ Инженерлік жүйелердің техникалық қамтамасы

​ Кейтеринг – Мектеп тамақтандыруын ұйымдастыру

​ Үй-жайларды қамтамасыз ету бойынша қосымша қызметтер (флористика, кофе-ханым қызметтері және т.б.)

​ Facility Management  аясындағы консалтинг (жөндеу-құрылыс жұмыстарының аудитімен қоса)

2010 жылдың сәуір айында Clean Expo Central Asia 2010 көрмесінің шегінде «Management Service Brokerage» ЖШС «Кәсіби тазартудың шебері» конкурсындағы жеңісі үшін марапатталды.

2010 жылдың шілде айында Компания құрылыс-жөндеу жұмыстарды өткізуге лицензия алып, осыменен қызмет көрсету спектрін кеңейтті.

«Management Service Brokerage» басқарушы компания тұрақты түрде өз қызметтер қоржынын кеңейту және осы бизнестің жаңа салаларын меңгеру процесінде, осылайша 2012 жылдың екінші жарты жылдығында кейтеринг бойынша сынамалы жобаны қосу әрекеті жоспарлануда.

2015 жылдың мамыр айында Компания Қазақстан бойынша бірінші болып халықаралық ISO 22000 HACCP – халықаралық мектепте қауіпсіз мектеп тамақтандыруы жөніндегі стандарты бойынша сертификациялаудан өтіп, Catering Professional аккредиттеу программасының қатысушысы болды.

2015 жылда компания “Park View Office Tower” бизнес орталығын аудитке дайындап, тағайындалуы әр түрлі ғимараттар құрылысы облысындағы BREEAM стандарттарына сәйкестігі бойынша жобалау,құрылыс пен қолдануға енгізу практикасы үшін лайықты бағасын алды.

2015 жылдың шілде айында Компания Қазақстан Республикасы бойынша алғашқылардың қатарында болып Экологиялық менджмент аясындағы халықаралық ISO 14001-2004 стандарты мен Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қорғауды Басқару аясындағы OHSAS 18001-2007 стандарты бойынша сертификацияны сәтті өтті.

2016 жылдың мамыр айында Астана қаласындағы Коммерциялық жылжымайтын мүлік CREW-2016 Аптасында MSB компаниясы Қазақстандағы жетекші Басқарушы Компания атағын қайтадан дәлелдеп шығып, 2015 жылдағыдай басты сыйлықты иеленді.

Біздің компания өз қызметін ірі кәсіпорындар, зауыттар мен коммерциялық компанияларға көрсетеді.

Жалпы алғанда Компания әр түрлі мақсаттағы және түрлі қабатты, жалпы аумақтары 225 900 шаршы метрден асатын, сонымен қатар іргелес жатқан аумақтары 116 500 шаршы метрден асатын кез келген объектілерге қызмет көрсетеді:

​ Банк пен қаржы институттары

​ Кез келген қабатты бизнес орталықтары

​ Әр түрлі коммерциялық, білім беру, телекоммуникациялық және өндірістік объектілер;

​ Компания офистері және т.б.

«Management Service Brokerage» ЖШС қызметтер қоржынымен бірге аумақтық көрсетулерді де кеңейтеді:

- 2010 жылдың қаңтар айы Астана қаласында филиалдың ашылуы;

- 2011 жылдың шілде айында Көкшетау қаласында филиалдың ашылуы.

Өзінің әрекеттегі уақыты аралығында «Management Service Brokerage» басқарушы компания әр түрлі объектілерде жұмыс жасаудың зор тәжірибесін жинақтап, бизнесті жүргізудің ертеден келе жатқан технологияларды тәжірибеден өткізіп, өзінің де жаңа технологияларын әзірледі, сонымен қатар өз жұмысының бірінші ұстанатын приоритеті, негізі ретінде тұрақты түрде жоғары сапаны ұстауға бел буды.